30
апрель
2022
Сыныптан тыс іс шара/ Внеклассное мероприятие
«Біз әр түрліміз- бұл біздің байлығымыз, біз біргеміз- бұл біздің күшіміз» тақыбында 4 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс шара өтті. Іс шара мақсаты оқушылардың бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға, қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу болды. Шара барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жаңылтпаштар жаттап, жұмбақтар шешіп қана қоймай, викториналық сұрақтарға жауап беріп, Достық жырын шырқады.