10
сентябрь
2021
Отбасым менің тірегім
Отбасы күні 2013 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталады. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. . Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата – анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз.
Атаулы мерекеге байланысты мектебіміздің оқушылары отбасы күні мерекесіне құттықтау сөздерін,әдемі фотоларын, отбасы туралы видеоларын,суреттерін жолдады. Мақсаты: Отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.