"Жігіт сұлтаны"сайысы/Конкурс "Жігіт сұлтаны" » Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі /КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай "
Коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі»
ҚАБЫЛДАУ:Прием:
+7 (72251) 3-34-56
Версия
для слабовидящих
Ресми сайтқа қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт ! Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
04
май
2023

"Жігіт сұлтаны"сайысы/Конкурс "Жігіт сұлтаны"

«Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 5 - 8 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті. Сайысқа әр сыныптан, өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. 5бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін оқушыларымыз бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.«Жігіттің сұлтаны» – талантты да сымбатты және күшті, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді көрсете білген, қазылар алқасының көңілінен шыққан 8"А"сынып оқушысы Жалғас Әділбекұлы «Жігіт сұлтаны» атағына иеленді. Өзге қатысушылар да кейінгі жүлделі орындарды бөлісіп, номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

Издревле казахский народ уделял особое внимание воспитанию ребенка. В КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай в 5-8 классах с целью воспитания у подрастающего поколения чувства патриотизма, гордости за свою страну, любви к Родине, к своей стране проводился конкурс под названием "Жігіт сұлтаны". Конкурс состоялся из 5 испытании. «Жігіт сұлтаны» - талантливый, красивый и сильный, восьмисторонний парень. Ученик 8-го класса Әділбекұлы Жалғас был удостоен звания «Жігіт сұлтаны», который отличался от других ребят и показал все необходимые навыки. Другие участники также были награждены призовыми местами и награждены дипломами в номинациях.