"Әлем таныған Әуезов"қалалық байқау кезеңі » Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі /КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай "
Коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі»
ҚАБЫЛДАУ:Прием:
+7 (72251) 3-34-56
Версия
для слабовидящих
Ресми сайтқа қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт ! Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
29
сентябрь
2023

"Әлем таныған Әуезов"қалалық байқау кезеңі

28 қыркүйек қазақтың әр буын ұрпағының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткен ұлы туындылардың авторы, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер – Мұхтар Әуезовтің туған күні.
       Осыған орай Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Әлем таныған Әуезов.Әуезов әлемі» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
  Байқаудың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып,  қазақ халқының   ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегі арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту,дарынды балаларды анықтау.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді.
  1. М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым.
  2. «М.Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» суреттер байқауы
  3. «Заңғар жазушы ізімен...» номинациясы – эссе жазу байқауы(10,11 -сынып)
  4. «Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациясы - жас ақындар  байқауы.
Байқауға Курчатов қаласының №1,№2,№3 жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. 
  Нәтижесінде, өнерде алдына жан салмайтын, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып,озып шыққан білімді де талантты оқушыларымыз:
Сахналық қойылым кезеңі бойынша №1  жалпы білім беретін орта   мектептің       5-сынып оқушылары 1-орын иеленіп   облыстық кезеңге өтті,ал осы номинация бойынша №2 жалпы білім беретін орта   мектеп оқушылары 2-орынға ие болды.
Сурет байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  6 «А» сынып оқушысы  Орынбекова Айым 1-орын иеленіп , облыстық кезеңге өтті.
2-орын № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  8«Б» сынып оқушысы
Куянбаева Жансель,3-орын № 1 жалпы білім беретін орта  мектептің  9-сынып оқушысы Амангелдин Темірлан .
Эссе жазу байқауы бойынша 1-орын № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  10-сынып оқушысы Джуманбаева Аяулы, 11сынып бойынша1-орынды №1жалпы білім беретін орта   мектеп оқушысы  Кусаинова Аида  иеленіп,   облыстық кезеңге өтті.
Жас ақындар   байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің        7«А» сынып оқушысы  Тілеутай Нұрәділ 1-орын иегері   облыстық кезеңге өтті.