Біліктіліктілікті арттыру курсы/Курсы повышения квалификации » Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі /КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай "
Коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі»
ҚАБЫЛДАУ:Прием:
+7 (72251) 3-34-56
Версия
для слабовидящих
Ресми сайтқа қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт ! Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
02
октябрь
2023

Біліктіліктілікті арттыру курсы/Курсы повышения квалификации

Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "✓2 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Толеуханова Данара Сембековна 2023 жылдың 18-29 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО «10-11сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті Т2 пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курсынан өтті.
Курс басталғанда жаңалыққа жаны құмар ұстаздарды түрлі сұрақтар мазалады. Сол сұрақтарға әркім іштей жауап беріп жатты. Курс бағдарламасымен таныса отырып, оны меңгерудің қаншалықты маңызы барын түсіндім. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Топтағы жұмыс істеуіміз ұнады. Екі апта ішінде ықшам сабақтарды дұрыс жоспарлаудың, өткізудің жолдарымен таныстым. Тренеріміз айтқандай, ықшам сабақтарда әдіс-тәсілдерді көрсету маңызды емес екенін, маңыздысы сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды тиімді стратегияларды қолданып өткізу керек екенін түсіндім. Курстың барысында зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру екенін ұқтым. Шеберлікке шыңдаған бұл курс соңында барлығы педагогикалық қоржындарын түрлі әдістермен толықтырды.
@orleuvko
@orleu.edu.kz
@oqu_aqartu_ministrligi 

Похожие публикации: