Мектеп тарихы/История школы » Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі /КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай "
Коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі»
ҚАБЫЛДАУ:Прием:
+7 (72251) 3-34-56
Версия
для слабовидящих
Ресми сайтқа қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт ! Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
10
май
2022

Мектеп тарихы/История школы

  Бұл білім ошағы 1967 жылы ашылып,мектеп директоры қызметін Н.П.Шимкевич басқарды.1967 жылы 4 қыркүйекте №180 орта мектептің ең алғашқы педагогикалық кеңесі өткізілді.1967-1968 оқу жылында 37 оқытушы болса,20 сынып бойынша 726 оқушы оқу жылын аяқтады.Мектептің ең алғашқы түлектерінің саны 26,оның 13-і қыз,13-і ер бала.Осы оқу жылында Л.П.Кушпель және О.Н.Приходько алтын медальмен,С.А.Денисенко мен Е.Д.Абрамова күміс медаль иегері болып,19 түлек жоғары оқу орнына түсті.
   1968-1970 жылдары мектеп директоры қызметін И.П.Казеннова,1970-1976 жылдары Д.П.Сметанникова,1976-1990 жылдары Л.Е.Шалаева атқарса,1990-1995 жылдары А.П.Меленцев,1995 жылдан Н.Н.Пащенко атқарды.Сол сияқты Л.П.Гныря,А.Никинов,А.О.Байжанова және 2009-2019 жылдар аралығында Е.Ю.Ставская осы мектепке өз еңбектерін сіңірді.
  1976 жылдың 1 қаңтарында №180 мектеп №2 мектеп болып өзгертілді.Бұл жылдары сынып саны 26, оқушы саны 1142 болды.
  2019 жылдан бастапУтовлинова Айша Берикболовна басшылық етуде.Мектеп ұжымының құрамы жас әрі талантты ұстаздардан құрылған.Сонымен қатар өткенсіз бүгін жоқ дегендей,55 жылдық тарихында мектеп өмірінде өздерінің өшпестей ізін қалдырған ұстаздарымыз да бар: Жумабекова Салтанат Толеубаевна, Матвеева Светлана Борисовна,       Аубакирова Асия Кайдаровна, Тасжурекова Батима Сейпиловна,Солтанова Ирина Габдрауфовна,Токмурзина Рысалды Муратбековна,Бордей Елена Викторовна.
  Соңғы жылдарда мектебіміздің даңқын асырып,білімдерін шыңдап жүрген түлектеріміз туралы да мақтана айта кеткім келеді.2019-2020 оқу жылында «Алтын белгі» иегерлері - Дементьева Виктория, Жумакельдина Аяулым. 2020-2021 оқу жылында - Козкеева Раушан.
  «Ұстаздық-ұлы қызмет» деп жазушы Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай мектептің ұстаздары үлкен жауапкершілік сезімімен оқушыға тиянақты білім беріп қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа,адамгершілікке,Отанға деген сүйіспеншілікке,жоғары өнегелі қасиеттерге баулып,білім берудегі жаңа міндеттерді шығармашылықпен іске асырып келеді.
  Жас ұрпақтың жан-жақты,өркениетті,зиялы азамат болып жетілуі мұғалімнің білімділігі мен біліктілігіне тікелей байланысты екені белгілі.Сондықтан мектептің материалдық-техникалық базасы, химия,биология,информатика,математика т.б. пән кабинеттері қазіргі заманауи жетістіктермен жаңа технологиялық сұраныстарға сәйкес жабдықталған.Мектебімізде ғаламтор қызметі жүйелі түрде жұмыс істеуде.Бұдан басқа «Абай», «Рухани жаңғыру», «Робототехника» кабинеттері ашылып,жұмыс жасауда.
  Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін,көркем әдебиетке,кітапқа қызығушылығын дамыту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқу залы жабдықталып,кітапханамен байланыс нығайып,кітап қоры молаюда.
Білім алушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.Осы мақсатта мектебіміздің бірінші қабатында Қазақстан Республикасырәміздерінің бұрышы ашылды.
  «Оқу мен тәрбие - егіз»,оқушылардың сыныптан тыс уақыттарын тиімді өткізуі мақсатында акт залы ұлттық нақышта безендіріліп,мектебіміздің көркін кіргізіп тұр.
  Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген,жарасымды азаматы етіп қалыптастыру - мектеп ұжымының мақсаты,шын жүректегі тілегі.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттеріңөрістесін, өрлесін
Құттыболсын 55 жылдықмерекең,-депсөзімдітүйіндейкеле,әріптестерімді бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын.Бұдан да жоғары белестерге жетіп,шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер.Еңбектің биік шыңынан көріне берулеріңізге тілектеспін.Мерейлеріңіз үстем болсын.Мектебіміз көркейе берсін.Балаларымыздың болашағы жарқын болсын.